Жария оферта шарты

Құрметті Сатып алушы! Сізден жария офертаның ұсынылған мәтінімен мұқият танысып шығуыңызды сұраймыз. Оның кез-келген тармағымен келіспеген жағдайда, Сіз Қызметті сатып алудан бас тарта аласыз немесе бізге өз ескертулеріңіз бен ұсыныстарыңызды жібере аласыз. 

 

Жария оферта шарты

Осы шарт жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - Сатып алушы) арналған. Онлайн сервисті Bureau for Continuing Professional Development Ltd. жеке компаниясы (бұдан әрі - Сатушы) ұсынады. Сатушы мен Сатып алушы төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты: 

1.         Терминдер мен анықтамалар 

1.1.      Оферта – Сатушының кез-келген жеке немесе заңды тұлғаға бағытталған жария ұсынысы, барлық қосымшаларын қоса алғанда, Шартта қамтылған  қолданыстағы талаптар бойынша Қызметті сатып алу. 

1.2.      Сатушы – Сайтта ұсынылған Қызметтерді өткізетін Bureau for Continuing Professional Development Ltd. жеке компаниясы. 

1.3.      Сатып алушы – Шартта қамтылған талапар бойынша Сатушыдан Офертаны қабылдайтын жеке немесе заңды тұлға. 

1.4.      Серіктес – Серіктестен Қызметтер көрсететін және Серіктестен Қызметтерді көрсетуге жауапты жеке тұлға, кәсіпкер-жеке тұлға немесе заңды тұлға.

1.5.      Акцепт – Сатып алушының Оферта шарттарын толық және сөзсіз қабылдауы. 

1.6.      Жазылым – бұл Сатушының Сатып алушыға мерзімді абоненттік төлемге Сайттың сатып алынған және ақысыз бағдарламалары мен курстарына қолжетімділікті ұсыну бойынша қызметі (Сатып алушы одан бас тартқанға дейін жарамды).

1.7.      Бағдарлама – Сатушы және/немесе Серіктес Сайт арқылы ұйымдастыратын тақырыптық тренингтер, семинарлар, конференциялар, вебинар форматындағы шебер-сыныптар немесе онлайн-консультациялар және басқа да осындай қашықтықтан іс-шаралар.

1.8.      Қызметтер – Сатушының Сайттың тиісті бөлімдерінде орналастырылған Бағдарламалар шеңберінде ұсынатын ақпараттық-консультациялық қызметтері. Қызметтерді Сатушы да, Серіктес те ұсына алады. 

1.9.      Тапсырыс – Сатып алушының Сайттың тиісті бөлімдерінде орналастырылған Қызметтер шеңберінде жеке Бағдарламаларға қатысуға тіркелу рәсімі. 

1.10.    Сайт – http://www.uof.kz мекенжайы бойынша орналасқан, интернет желісінде қолжетімді, Қызметтердің мазмұны мен бағасы туралы толық ақпаратты, Қызметтердің өзін қамтитын Сатушының электрондық құжаттарының (файлдарының) жиынтығы. 

1.11.    Тіркеу деректері – осы Шарт аясында Қызметтерді төлеу және орындау шеңберінде талап етілуі мүмкін, анықталған немесе анықталатын жеке тұлғаға тікелей немесе жанама қатысы бар кез келген ақпарат.

 

2.         Жалпы ережелер 

2.1.      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - ҚР АК) 395-бабына сәйкес, бұл құжат жария оферта болып табылады, және де егер төменде баяндалған талаптар қабылданса, Сатып алушы бұл офертаның акцептін осы Шарттың талаптарына орындайды. ҚР АК 396-бабының 3-тармағына сәйкес Сатып алушының Қызметті төлеуі офертаның акцепті болып табылады, бұл офертада баяндалған талаптармен Шарт жасасуға тең деп саналады. 

2.2.      Осы Шарт Сатып алушылардың Сайтты пайдалану талаптарын белгілейді, олар Жазылымға және/немесе Қызметтерге ақы төлегеннен кейін Сайтты және оның қызметтерін пайдалана отырып, Сайттың және Сатушы және/немесе Серіктес ұсынған Қызметтердің пайдаланушысы болады. 

2.3.      Сатып алушының Сайтты, оның кез-келген қызметтерін, функционалын пайдалануы Сатып алушының осы Шарттың барлық тармақтарымен сөзсіз келісімін және оның талаптарын Сатып алушыға осы Шарт бойынша жүктелген міндеттерді сақтау міндеттемелерімен сөзсіз қабылдауын білдіреді.

2.4.      Сатып алушының Сайтты, оның кез-келген қызметтерін, функционалын пайдалануы, сондай-ақ Сатып алушының Сайтта ақысыз және ақылы Жазылымдарды ресімдеуімен тіркелуі осы Келісімді ҚР АК 396-бабы 3-тармағына сәйкес толық және сөзсіз қабылдауы болып табылады, бұл оферта баяндалған талаптармен Шарт жасасуға тең деп саналады. Шарттың талаптарын білмеу, таныс болмау Сатып алушыны оның талаптарын орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатпайды. 

2.5.      Сатушы өз қалауы бойынша Сатып алушыны ескертпей кез келген уақытта Шартты өзгертуге және/немесе толықтыруға құқылы. Шарттың қолданыстағы редакциясы Сайтта http://www.uof.kz мекенжайы бойынша қолжетімді.

2.6.      Сатып алушының Сайтты, оның кез-келген қызметтерін, функционалын Шартқа өзгертулер және/немесе толықтырулар енгізгеннен кейін пайдалануы Сатып алушының осындай өзгерістерге және/немесе толықтыруларға келісімін білдіреді.

2.7.      Сатып алушы осы Келісімнің мазмұнымен оның өзгертулерімен және/немесе толықтыруларымен уақтылы танысу мақсатында 14 (он төрт) күн ішінде кем дегенде 1 (бір) рет жүйелі түрде танысуға міндеттенеді.

2.8.      Егер Сатып алушы осы Шартты орындауға келіспесе, онда ол Сайтты пайдаланбауға, өз есептік жазбасын жоюға және/немесе Сайтты пайдалануды тоқтатуға құқылы.  

2.9.      Сатып алушыға Сатушы/Серіктес өз міндеттемелерін орындау кезінде сыртқы сервистерді, бағдарламалық жасақтаманы, веб-сайттарды және т.б. (бұдан әрі - «Сыртқы өнімдер») тартуға/пайдалануға, соның ішінде Сатып алушыға қолжетімділікті ұсына алатындығы туралы хабарланған. Осы арқылы Сатып алушы Сыртқы өнімдердің пайдалану қағидаттарымен, лицензиялық келісімдермен, ережелерімен және шарттарымен және т.б. өз бетімен танысуға және сақтауға міндеттенеді.

3.         Шарттың мәні. Жазылым

3.1.      Сатушы Сайттың функционалына Жазылым негізінде қолжетімділік ұсынады.

3.2.      Сатып алушы Сайтпен таныса алатын Жазылымның сынақ мерзімі 3 (үш) айды құрайды (Жазылымды ресімдеген сәттен 90 күнтізбелік күн).

3.3.      Жазылымның сынақ мерзімі аяқталғанға дейін 7 (жеті) күн, 3 (үш) күн және 1 (бір) күн бұрын Сатушы автоматты режімде Сатып алушының тіркелген электрондық поштасына ақылы Жазылымды ресімдеу мүмкіндігі туралы хабарлама жібереді.

3.4.      Егер Сатып алушы Жазылымды ұзартқысы келсе, онда Сатып алушы оны Сайттан сатып алуға құқылы.

3.5.      Ақылы Жазылымды одан әрі сатып алудан бас тартқан жағдайда, Сатып алушы тарапынан ешқандай әрекет талап етілмейді және Сайттағы Сатып алушының аккаунты Жазылым мерзімі аяқталғаннан кейін автоматты түрде өшіріледі.

3.6.      Сатып алушы Сайттан ақылы Жазылым сатып алу арқылы өшірілген аккаунтты жаңартуға құқылы.

Маңызды! Жазылым Сатушының жеке өнімі болып табылады және Сатып алушы сатып алатын Қызметтердің құнына кірмейді. Сайттан сатып алу кезінде осы фактіні ескеруді сұраймыз. 

4.         Шарттың мәні. Бағдарламалар

4.1.      Сатушы ұсынады, ал Сатып алушы таңдалған Бағдарлама шеңберіндегі Қызметтерді төлейді, оның құны, ұзақтығы және жоспары Сайттың тиісті бөлімдерінде орналастырылған.

4.2.      Серіктестен ақылы Қызметтерді ұсынуға қатысты барлық міндеттемелер Сатып алушы мен Серіктестің арасында туындайды. Егер осы Шартта немесе нақты Бағдарламаға қатысу шарттарында басқасы көзделмесе, Сатушы аталған міндеттемелердің жарамдылығы мен оны орындау мүмкіндігі үшін жауап бермейді. Серіктестен Қызметтерге қатысты міндеттемелердің жарамдылығы мен оны орындау мүмкіндігі үшін Серіктес жалғыз өзі жауап береді. 

4.3.      Шарт бойынша Қызметтердің құны Сайтта хабарланады және бағдарлама бетінде көрсетілген тарифке сәйкес Сатып алушыны қызықтыратын нақты Бағдарлама үшін көрсетілген соманы құрайды.

 

5.         Тараптардың құқықтары мен міндеттері

5.1.      Сатушы:

5.1.1. Жазылым және Қызметтер туралы қажетті ақпаратты беруге міндеттенеді. Ақпарат Сатушының Сайтында орналастырылады.

5.1.2. Ұсынылатын Қызметтерге, Тапсырысты телефон немесе электрондық пошта арқылы ресімдеу тәртібі мен қағидаларына қатысты консультациялық қолдау көрсетуге міндеттенеді.

5.1.3. Сатып алушы әлдеқашан төлеген Қызметтерді ұсыну шарттары өзгерген жағдайда (Қызметтер көрсетіле бастаған күн, ағымдағы күндер, өткізу орындары және басқа да өзгерістер), Сатып алушыға осындай өзгерістердің басталуынан кем дегенде 24 сағат бұрын хабарлауға міндеттенеді. Хабарламалар Сатушының Сайтына тиісті ақпаратты орналастыру, сондай-ақ Тіркеу деректерін енгізу кезінде Сатып алушы ұсынған байланыс электрондық поштасына хабарлама жіберу арқылы жүзеге асырылады. Сатып алушыға хабарланғаны туралы факті электрондық пошта мекенжайына электрондық хат жіберу фактісі болып табылады.

5.2.      Сатушы:

5.2.1. Қызметтер көрсету кезінде фото және бейне түсірілімдер жүргізуге (оның ішінде экранды жазу технологияларын қолдана отырып) және фото және бейне түсіру кезінде алынған материалдарды өз қалауы бойынша қолдануға құқылы. Сатушы айрықша авторлық құқыққа, сондай-ақ көрсетілген материалдарға ерекше авторлық құқығы бар іргелес құқықтарға ие.

5.2.2. Қызметтер мен Жазылымның құнын, Қызметтерді көрсеті күндері мен уақыттарын, сондай-ақ Қызметтер көрсету мен Жазылымның басқа да шарттарын біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы.

5.2.3. Қызметтерді көрсету үшін сақталуы қажет қағидалар бұзылған жағдайда, Сатушы Қызмет көрсету сапасына жауап бермейді, сонымен қатар Сатып алушының кінәсінен Қызметтерді ұсынудың мүмкін еместігіне байланысты жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Сатушы Шартты орындаудан бас тартуға құқылы, Сатып алушы төлеген ақшалай қаражат қайтарылмайды және өзіне қабылдаған міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін айыппұл сомасы болып саналады.

5.2.4. Сайттағы кез-келген бағдарламалық жасақтаманы модификациялауға, елеулі ақаулар, қателер мен ағаттық анықталған кезде, сондай-ақ Сайтты қолдау және оған рұқсатсыз қолжетімділікті болдырмау мақсатында Сайт жұмысын тоқтатуға құқылы.

5.2.5. Сатып алушының заңға қайшы келмейтін кез келген әдіспен ұсынған Тіркеу деректерін қолдануға құқылы.

5.2.6. Сатып алушыға Жазылымды ресімдеу/растау/төлеу және/немесе Бағдарламаларға қатысу кезінде консультациялар беруге, соның ішінде Сайтқа тіркелу кезінде Сатып алушы көрсеткен электрондық пошта мекенжайы немесе телефон нөмірі бойынша Сатып алушымен өз бетінше байланысуға құқылы.

5.2.7. Сатып алушымен қарым-қатынасынан туындайтын құқықтары мен міндеттерін Сатып алушының заңнамада көзделген құқықтары мен мүдделерін сақтай отырып, үшінші тұлғаларға беруге немесе басқа жолмен беруге құқылы.

5.3. Сатып алушы:

5.3.1. Қызмет көрсету күнімен, уақытымен, орнымен, құнымен және өзге де шарттарымен дербес және уақтылы танысуға міндеттенеді.

5.3.2. Тіркелу кезінде рас байланыс деректерін көрсете отырып, Сайттағы қажетті жолдарды толтыруға міндеттенеді. Бұл ретте Сатып алушы Сатып алушылардың жеткілікті санының тиісті топқа жиналуына байланысты Сатушы қызмет көрсетудің басталу күнін және қызмет көрсетудің ағымдағы күнін дербес белгілейтініне келіседі.

5.3.3. Қызметті төлеу кезінде қолданылатын шарттар мен құн бойынша төлеуге міндеттенеді. Қолданыстағы шарттар мен құн, сондай-ақ арнайы ұсыныстар туралы ақпарат пен Сатушының деректемелері Сайтта орналастырылады.

5.3.4. Тікелей қатысуға, яғни Қызмет көрсетудің күнтізбелік жоспарын сақтауға;

5.3.5. Сатушының байланыс жасайтын тұлғасына электрондық пошта арқылы хабарлама жіберу арқылы өзінің Тіркеу деректерінің өзгергені туралы Сатушыны жазбаша нысанда дереу хабардар етуге;

5.3.6. Жеке мақсатта пайдалануды қоспағанда, Сайтта оған қолжетімді болған ақпарат пен материалдарды жаңғыртпауға, қайталамауға, көшірмеуге, сатпауға, сондай-ақ кез келген мақсатта пайдаланбауға;

5.3.7. Сайтқа әр кірген сайын осы Шарттың өзекті нұсқасымен танысуға;

5.3.8. Сайтты пайдалану кезінде http://www.uof.kz  мекенжайы бойынша Сайтта қолжетімді Сайтты пайдалану ережелерін сақтауға міндеттенеді.

5.4. Сатып алушы:

5.4.1. Сатушыдан осы Шарт талаптарының сақталуын талап етуге құқылы.

 

6.         Тапсырысты орналастыру және төлеу

6.1. Сатып алушы Сайтта Қызметке тапсырыс береді.

6.2. Сатушының Сайтында Тапсырысты тіркеген (орналастырған) кезде Сатып алушы өзі туралы Тіркеу деректерін ұсынуға міндеттенеді.

6.3. Сатып алушы өзі туралы Тіркеу деректерін өңдеуге құқылы.

6.4. Сатып алушы өзінің Тіркеу деректерін Сатушының пайдалануына және өңдеуіне келісім береді. Сатушы Тіркеу деректерін сондай-ақ Сатып алушы алдындағы өз міндеттемелерін орындау үшін пайдаланады.

6.5. Сатып алушы Тапсырысты орналастыру кезінде ұсынылған ақпараттың мазмұны мен растығы үшін жауапты болады.

6.6. Сайтта ұсынылған барлық ақпараттық материалдар анықтамалық сипатқа ие және көрсетілетін Қызметтердің шарттары туралы шынайы ақпаратты толық көлемде бере алмайды. Сатып алушыда көрсетілетін Қызметтердің шарттарына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Тапсырысты орналастырар алдында оған байланыс жасайтын тұлғаға консультация алу үшін телефон арқылы хабарласу немесе Сайттың тиісті бағдарламаларында көрсетілген электрондық пошта мекенжайына сұрау жіберу қажет.

6.7. Сатушы «cookies» технологиясын пайдалануға құқылы. «Cookies» құпия ақпаратты қамтымайды және үшінші тұлғаларға берілмейді. Сатушы Сайтқа кірушінің IP-мекенжайы туралы ақпарат алады. Бұл ақпарат күдік туындаған немесе ол алаяқтық әрекеттер жасаған жағдайларды қоспағанда, Сатып алушының жеке басын анықтау үшін пайдаланылмайды.

6.8. Сатып алушы Сатушыға/Серіктеске Бағдарламаға қатысу құны мөлшерінде 100% алдын ала төлем тәртібімен ақша қаражатын аударады.

6.9. Сатушы осы Шарт арқылы Сатып алушыға Сатып алушының Қызметтер құнын төлеуі және Сайттағы бағдарламаларға қол жеткізуі жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілердің интернет-ресурсында орналастырылатын бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін өткізу болып табылатынын хабарлайды, осыған байланысты электрондық шот-фактура үзінді жазбасы Қызметтер төленген күннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

6.10. Сатып алушының таңдауы бойынша Тапсырысқа төлем жасау Сатып алушының ақшалай қаражатты электрондық төлемдер жүйесі арқылы төлем құралдарымен онлайн режімінде аудару жолымен:

6.11. төлем карталарымен (VISA, EuroCard / MasterCard) жүзеге асырылады.

6.12. Сатушы төлем жасау әдістерінің бір және бірнеше нұсқаларын ұсынуға құқылы. Сатушы кез келген уақытта және өз қалауы бойынша Сайттағы кез келген төлем жасау әдістерін кез келген хабарлама жіберу және осы Шартқа өзгерістер енгізу міндеттемесінсіз өзгертуге/жоюға құқылы.

6.13. Егер Сайтта төлем жасаудың бірнеше тәсілі көрсетілген жағдайда, Сатып алушы ықтимал әдістердің арасынан өзі үшін ыңғайлы және төлем жасау сәтінде Сайтта қолжетімді төлем жасау әдісін өз бетінше таңдайды. Төлемді жүзеге асыру және растау үшін Сайтта қарастырылмаған және қолжетімсіз төлем әдістері мен тәсілдері қабылданбайды.

6.14. Төлем картасын байланыстыру сервисін қосу бойынша іс-әрекеттер жасай отырып, Сатып алушы:

ақпаратты үшінші тұлғалардың сақтауына;

төлем картасын байланыстыру сервисін пайдалану үшін дербес толық жауапкершілікте болуға;

логинді, құпиясөзді, тексеру сұрағына жауапты, карта нөмірін, автоматты авторизацияны үшінші тұлғалардың ықтимал пайдаланумен байланысты, оның ішінде электрондық поштаға алынған хабарламаны және өзге де ақпаратты жіберу кезіндегі барлық тәуекелдерді көтеруге өз келісімін растайды.

6.15. Онлайн-төлем сервисін пайдалану кезінде Сатып алушы қауіпсіздік мақсатында онлайн төлем сервисінің жұмысын қауіпсіз аяқтауды дербес жүзеге асырады. Сатушы Тіркеу деректерінің ықтимал жоғалуы және өзге де ықтимал салдарлары үшін жауапты болмайды.

6.16. Қызметтердің әрбір позициясының бағасы Сайтта көрсетіледі.

6.17. Сайтта көрсетілген кез келген Қызметтердің бағаларын Сатушы Сатып алушыға хабарламай біржақты тәртіпте өзгерте алады.

6.18. Төменде көрсетілген жағдайлардан басқа, Қызметтер үшін төлем қайтарылмайды:

6.18.1. Егер Сатып алушы Бағдарлама басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 14 күн бұрын Бағдарламаға қатысудан бас тартқан жағдайда, Сатушы/Серіктес Сатып алушыдан осындай Бағдарламаға қатысу төлемі ретінде алған ақша қаражаты бас тартуды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Сатып алушыға қайтарылуға жатады. Бас тарту осы Шартқа №1 қосымшаға сәйкес Сатушының атына толтырылған және uof@aifc.kz электронды пошта мекенжайына жіберілген Сатып алушының жазбаша өтініші түрінде ресімделуі тиіс. Ақшаны қайтаруды қарастыру және ресімдеу үшін Бағдарлама басталғанға дейін кемінде күнтізбелік 14 күн бұрын Сатушының электронды пошта мекенжайына келіп түскен өтініштер қабылданады.

6.18.2. Егер Бағдарлама Сатушының/Серіктестің кінәсінен басталмаса, Сатушы/Серіктес Сатып алушыдан осындай Бағдарламаға қатысу төлемі ретінде алған ақша қаражаты Сатып алушыға Бағдарлама іске асырылмайтын болған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қайтарылуға жатады не басқа Бағдарламаны төлеу шотына есептелуі мүмкін.

 

7.         Ақпараттық хабарламалар 

7.1. Сатып алушы жаңартылған ақпаратты, соңғы жаңалықтар, жаңа ұсыныстар, арнайы ұсыныстар және сату туралы хабарландырулар бар ақпараттық хабарламаларды, сондай-ақ Сатушы серіктестерінің жаңалықтары мен ұсыныстары туралы ақпаратты SMS пен электрондық пошта арқылы алып отыруға келісімін береді.

7.2. Сатып алушы жіберілім параметрлерін таңдай алады немесе жіберуден бас тарта алады.

7.3. Сатып алушы қызмет көрсету сапасын жақсарту және Сатып алушының ауызша мәлімдемелерін растау үшін телефон сөйлесулерінің жазылып алынуына, Сатып алушының деректері тек кейінгі сатып алудың ыңғайлылығы үшін сақталуына келісім береді.

7.4. Жіберілім мен жарнамадағы бағалар Жария оферта болып саналмайды.

 

8.         Өзге шарттар 

8.1. Осы шарт арқылы Сатып алушы осы Шарттың міндетті талаптарымен келіседі.

8.2. Осы Шарттың талаптарына сәйкес Сатушы осы Шарттың талаптарымен келіспейтінін білдіретін тұлғаларға Тапсырысты орналастыруға рұқсат бермеуге құқылы.

8.3. Шарттың қолданылатын құқығы «Астана» халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығы болып табылады.

8.4. Осы Шартты орындау барысында туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктерді Тараптар келіссөздер жолымен шешетін болады.

8.5. Егер осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында қандай да бір дау туындаса, Тараптар дауды сот процесіне жүгінбей-ақ шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

8.6. Егер Тараптар дауды реттей алмаса немесе Тараптардың бірі келіссөздер жүргізуден жалтарса, Шарттың болуына, жарамдылығына немесе тоқтатылуына қатысты кез келген мәселені қоса алғанда, осы Шарттан немесе оған байланысты туындайтын шарттық немесе шарттық емес кез келген дау алдымен 2018 жылғы Төрелік және медиация қағидаларына сәйкес АХҚО Халықаралық төрелік орталығындағы («ХТО») медиаторға берілуі мүмкін. Егер дау медиацияның көмегімен шешілмесе, онда Тараптар дауды ХТО төрелігіне береді. Бұл жағдайда Шарттың болуын, жарамдылығын, түсіндірілуін, орындалуын, бұзылуын немесе тоқтатылуын қоса алғанда, осы Шарттан немесе оған байланысты туындайтын шарттық немесе шарттық емес кез келген даулар, қайшылықтар, келіспеушіліктер немесе наразылықтар ХТО Тіркеушісіне төрелік туралы сұрау салу берілген күні қолданыста болатын және бұл қағидалар осы тармақтың бөлігі болып есептелетін ХТО Төрелік және медиация қағидаларына сәйкес ХТО әкімшілік ететін төрелікке беріліп, сол арқылы түпкілікті шешілуге тиіс. Төрешілер саны біреу болуы керек. Төреші Тараптардың келісімі бойынша тағайындалады. Төрелік ететін орын Қазақстан,  Нұр-Сұлтан қаласы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы болады. Төрелік талқылау тілі – ағылшын тілі болады.

 

9.         Сатушының деректемелері 

Bureau for Continuing Professional Development Ltd. жеке компаниясы

БСН 190140900037

Тіркелген мекенжай: Z05T3C9, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел к-сі, 55/15

Нақты мекенжайы: Z05T3F6, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел к-сі, 55/23, блок С.4.4.

ЖСК KZ879491100001444993 KZT

          KZ769491100001444997 USD

          KZ229491100001444999 EUR

«ALTYN BANK» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd. ЕБ)

БСК ATYNKZKA

БСН  190140900037

КБЕ 17

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жария оферта шартына

№1 қосымша

 

 Bureau for Continuing Professional Development Ltd.

жеке компаниясының

жоба менеджері

 

 

 ____________________________

 (Аты-жөні)

____________________________

(электронды пошта мекенжайы)

____________________________

(phone number)

 

Бағдарламаға қатысудан бас тарту және ақша қаражатын қайтару туралы өтініш

 

20__ж. «___» ____________ мен http://www.uof.kz  сайтында  

______________________________________________________________

                                               (бағдарламаның аты)

бағдарламасын _____________________________________________________________

                                                 (провайдердің аты)

провайдерінен сатып алдым.

_________________________________________________________________________________________________________ (бас  тартудың себебі)

байланысты Бағдарламаға қатысудан бас тартамын.

 

Қайтарылатын ақша қаражатын мына банк деректемелері бойынша аударуды сұраймын.

Банктің атауы__________________________________________

БСК________________________________________________________

БСН________________________________________________________

Шоттың нөмірі_________________________________________________

Клиент______________________________________________________

ЖСН________________________________________________________

 

«___» ____________20__ж.

 

 

________________________________                                    ______________

                        (Аты-жөні)                                                                                     (Қолы)