FAQ
Қалай серіктес атануға болады?
Егер сіз University of the Future серіктесі болғыңыз келсе немесе ынтымақтастыққа қызығушылық танытсаңыз немесе біздің платформамызда біліктілікті арттыру курстарын ұсынғыңыз келсе, онда сілтеме бойынша өтінім қалдыра аласыз немесе uof@aifc.kz электрондық поштасы не +7 702 888 2910 телефоны арқылы бізбен байланыса аласыз
Кімдер University of the Future серіктесі болып саналады?
University of the Future-дің стратегиялық серіктестері қатарында CFA Institute, GARP, ACCA, CIMA, HCI, PMI және басқа да көптеген халықаралық деңгейде танылған кәсіби ұйымдар мен институттар бар.
Түрлі бағыттар бойынша курстар мен тренингтер ұсынатын жетекші қазақстандық және халықаралық кәсіби даму ұйымдары да University of the Future-дің серіктестері болып табылады.
University of the Future серіктестері туралы толық ақпаратты мына жерден таба аласыз.
Корпоративтік шешімдер дегеніміз не?
Болашақ университеті бір компанияның тапсырысы бойынша қызметкерлерді корпоративтік оқыту мүмкіндігін ұсынады. Бұл: қажеттіліктерді анықтау, сарапшылардың арнайы мазмұнды әзірлеуі, бағдарламаны іске қосу, тренингтен кейінгі қолдау сияқты кезеңдерден тұратын, ұйымның мақсаттарына орай қызметкерлерді оқытудың бағдарламасын жасау.
Тағы сұрақтарыңыз қалды ма?
Жолды толтырыңыз, содан кейін сізге жақын арада жауап береміз