Платформаның шарттары

Курстарды сатып алмас бұрын келесі құжаттар тізбесімен танысып шығыңыз

1. Жалпы ережелер

 

1.1. Осы Сайтты пайдалану қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Жарғысының және Жалғыз акционердің 2020 жылғы «27» қазандағы №48 шешімінің негізінде әрекет ететін Бас атқарушы директордың м.а. Эльмира Шәкірқызы Обридің атынан Bureau for Continuing Professional Development Ltd. жеке компаниясы (бұдан әрі – Компания) әзірленген және Сайтты пайдалану тәртібін белгілейді.

1.2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар:

1.2.1. Сайт http://www.uof.kz интернет-ресурсы, яғни бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған ақпарат (мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе өзге түрде);

1.2.2. Платформа https://app.claned.com/#/login?orgId=1410 оқыту және кәсіби дамыту бойынша автоматтандырылған онлайн платформа;

1.2.3. Пайдаланушы – Сайтқа кірген кез келген жеке тұлға.

1.2.4. Мәлімделген функциялар – Сайт орындайтын міндеттер тізбесі. Мәлімделген функциялар Техникалық талаптар толық сақталған жағдайда ғана іске асырылады.

1.2.5. Сайт объектілері – зияткерлік меншік туралы заңнамамен қорғалатын, Компания заңды құқық иесі болып табылатын зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелерінің жиынтығы (оның ішінде: оларға қолжетімділік және (немесе) оларды қалыптастыру Сайт арқылы жүзеге асырылатын, Сайтқа оналастырылған құжаттар, мақалалар, дерекқорлар, өзге де ақпарат, Сайттың өзі, ақпарат, материалдар, мақалалар, мәтіндер, дизайн, графикалық мазмұн, бейнелер, иллюстрациялар, фото, видео, музыка, Сайтты визуалды рәсімдеу элементтері, символикалар, Компанияның фирмалық атауы мен қызмет көрсету белгісі, сондай-ақ Сайттың басқа да объектілері).

1.2.6. Сайт жұмысындағы қателер – ақпараттық жүйелердің, ақпараттық ресурстардың, ақпараттық-коммуникациялық желілердің жұмысында жеке немесе сериялы түрде туындайтын, олардың тиісінше жұмыс істеуіне қатер төндіретін және (немесе) оларда орналастырылған ақпаратты заңсыз алу, көшіру, тарату, бұрмалау, түрлендіру, жою немесе бұғаттау үшін жағдай жасайтын іркілістер.

1.3. Компания Сайтты пайдалануда барлық Пайдаланушылар үшін немесе Пайдаланушылардың жекелеген санаттары үшін (Пайдаланушының болатын жеріне, Сайт ұсынылатын тілге және т.б. байланысты) шектеулер орнатуға құқылы.

1.4. Пайдаланушы Сайтта Сайт жұмысында қатенің пайда болуына бағытталған әрекеттерді жасамауы керек.

1.5. Компания Пайдаланушының сайттағы әрекеттеріне мониторинг (есеп және статистика) жүргізуге құқылы.

 

2. Сайтқа тіркелу және жазылым

 

2.1. Пайдаланушының тіркелуі мен Сайтты пайдаланудың алғашқы 3 (үш) айында жазылым тегін. Сайтқа жазылымды ұзарту қажет болған жағдайда, төлем Пайдаланушы «Жазылым» парақшасындағы «Сатып алу» батырмасын басқан кезде және Пайдаланушының картасынан таңдалған жазылым түріне сәйкес келетін мөлшерде ақшалай сома ұсталған кезде белгілі бір уақыт кезеңіне (1 ай, 3 ай, 6 ай және 12 ай) жазылымды сатып алу арқылы алынады.

2.2. Пайдаланушы Компанияның Жария оферта https:// www.uof.kz /contract-offer шарттарымен көрсететін қызметтеріне тапсырыс берген кезде Сайтта тіркелу міндетті болып табылады.

2.3. Кез келген Пайдаланушы Сайтта тіркеле алады. Тіркелу кезінде Пайдаланушы осы Қағидалармен танысуға және қабылдауға міндетті, егер Пайдаланушы Қағидаларды өзі үшін қолайсыз деп санаса немесе Пайдаланушы олардың шарттарымен келіспесе, онда Пайдаланушы тіркелу процесін соңына дейін аяқтамай тоқтатуға міндетті.

2.4. Пайдаланушы тіркеу кезінде көрсеткен дербес деректер рас болуы тиіс. Пайдаланушы өзі таңдаған құпиясөздің қауіпсіздігі (басқалар тауып қоймайтындай) үшін дербес жауап береді, сондай-ақ өз құпиясөзінің құпиялылығын өз бетінше қамтамасыз етеді.

2.5. Пайдаланушы тіркеу кезінде көрсеткен дербес деректерді үшінші тұлғаларға хабарламауға міндеттенеді. Пайдаланушыда оның бірегей логині мен құпиясөзінің қауіпсіздігіне немесе оларды үшінші тұлғалардың рұқсатсыз пайдалану ықтималдағына қатысты күдік туындаған жағдайда, Пайдаланушы Компанияға оның логині мен құпиясөзінің кез келген рұқсатсыз пайдаланылуы туралы дереу хабарлауға міндеттенеді.

2.6. Жарамды электрондық пошта мекенжайын және (немесе) ұялы телефон нөмірін көрсете отырып, Пайдаланушы оларға қол жеткізе алатындығын және оларды пайдалану бойынша қажетті өкілеттіктерге ие екенін растайды.

 

3. Пайдаланушының жеке кабинеті

 

3.1. Пайдаланушының жеке кабинеті (бұдан әрі – Жеке кабинет) Пайдаланушының жеке деректерін, оның логині мен құпиясөзін, сондай-ақ Компанияның қалауы бойынша айқындалатын өзге де ақпаратты қамтитын Платформадағы Пайдаланушының есептік жазбасы болып табылады.

3.2. Пайдаланушының өз Жеке кабинетіне қолжетімділігі бірегей логин мен құпиясөзді пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

3.3. Компания Пайдаланушының Жеке кабинетіндегі дербес ақпаратты https:// www.uof.kz/legal documents және https://claned.com/privacy-policy/  Пайдаланушылардың дербес деректерін қорғау туралы келісімнің шарттарына сәйкес сақтайды және өңдейді.

3.4. Жеке кабинет Пайдаланушыға:

3.4.1. Сайт пен Платформаның Пайдаланушыға көрсететін қолжетімді және/немесе көрсеткен қызметтері туралы ақпаратқа қол жеткізу;

3.4.2. Сайт пен Платформада Пайдаланушының іс-әрекеттерінің мониторингі (есепке алу және статистика);

3.4.3. Компания ұсынатын нысанда Компаниямен коммуникация;

3.4.4. Компания ұсынатын басқа функцияларды жүзеге асыру құқығын береді.

3.5. Пайдаланушы өзінің Жеке кабинетін Сайт пен Платформа Объектілеріне санкцияланған қол жеткізу үшін пайдалануға құқылы.

3.6. Пайдаланушы Пайдаланушының Жеке кабинетіне кіруге арналған деректерді кез келген шарттармен (оның ішінде шарттар немесе келісімдер бойынша) үшінші тұлғаларға ерікті түрде беру жағдайларын қоса алғанда, Пайдаланушының Жеке кабинеті арқылы Сайт пен Платформа шеңберінде немесе оларды пайдалану арқылы жасаған барлық іс-әрекеттер (сондай-ақ олардың салдары) үшін дербес жауапты болады. Бұл ретте, Пайдаланушы Компанияға Пайдаланушының Жеке кабинетін пайдалана отырып, Сайт пен Платформаға рұқсатсыз кіру және/немесе өзінің құпиясөзінің құпиялылығының кез келген бұзылуы (бұзылу туралы күдік) туралы хабарлаған жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушының есептік жазбасы арқылы Сайт пен Платформа шеңберіндегі немесе оларды пайдаланудағы барлық іс-әрекеттер Пайдаланушының өзі жасаған болып есептеледі.

3.7. Пайдаланушы Компанияны Пайдаланушының Жеке кабинетінің деректерін пайдалана отырып, Сайт пен Платформаға рұқсатсыз (Пайдаланушы рұқсат етпеген) кірудің кез келген оқиғасы туралы және/немесе Жеке кабинет деректерінің құпиялылығының кез келген бұзылуы (бұзылу туралы күдік) туралы дереу хабардар етуге міндетті.

3.8. Пайдаланушы Қағидалар шарттарын және Компания мен Пайдаланушы арасындағы қатынастарды регламенттейтін өзге де құжаттардың талаптарын бұзған жағдайда Компания Пайдаланушының Жеке кабинетін бұғаттауға, себептерін түсіндірмей кез келген контентті жоюға құқылы.

3.9. Жеке кабинетті жою жүргізілмейді. Пайдаланушы Жеке кабинетті Сайт көрсететін қызметтерді пайдалану мақсатында ғана ашады.

 

4. Кері байланыс

 

4.1. Пайдаланушының Сайтты пайдалану жөніндегі барлық ұсыныстары мен сұрақтары uof@aifc.kz электрондық пошта мекенжайы бойынша Сайттың қолдау көрсету қызметіне жіберілуі керек

4.2. Компания Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 9:00-ден 18:00-ге дейінгі аралықтағы жұмыс уақытында электрондық мекенжайы uof@aifc.kz домендік атты қамтитын электрондық пошта арқылы Пайдаланушылармен кері байланысты қамтамасыз етеді.

4.3. Пайдаланушының өзі ашып қолдана алатын жарамды электрондық пошта мекенжайы болуы керек. Бұл ретте Компания үшінші тұлғалар қабылданатын хабарламаларға қатысты пошта серверлерінде орнатқан шектеулерге, оның ішінде Компанияның хабарламаларын спам немесе күмәнді хаттар ретінде анықтайтын спам-сүзгілерге байланысты Сайттан хабарламалар алудың мүмкін болмауы үшін жауапты емес және кепілдік бермейді.

4.4. Пайдаланушы ұялы байланыс операторының өзі қолдана алатын және оны пайдалану үшін қажетті өкілеттіктері болатын ұялы телефонның жарамды нөміріне ие болуы керек.

 

5. Үшінші тұлғалардың ақпараты

 

5.1. Сайтта интернет желісіндегі басқа сайттарға (бұдан әрі – Үшінші тұлғалардың сайттары) гиперсілтемелер бар. Аталған үшінші тұлғалар мен олардың ақпаратын (контентін) Компания қандай да бір талаптарға (анықтығына, толықтығына, заңдылығына, зияндылығына және т.б.) сәйкестігін тексермейді. Компания Пайдаланушы Сайтты пайдалана отырып қол жеткізетін үшінші тұлғалардың сайттарында орналастырылған кез келген ақпарат, материалдар, оның ішінде үшінші тұлғалардың сайттарында айтылған кез келген пікірлер немесе мәлімдемелер, жарнама және т.б., сондай-ақ осындай сайттардың немесе контенттің қолжетімділігі және Пайдаланушының оларды пайдалану салдары үшін жауапты болмайды.

5.2. Сайтта орналастырылған кез келген сайтқа, өнімге, қызметке, коммерциялық немесе коммерциялық емес сипаттағы кез келген ақпаратқа сілтеме (кез келген нысанда), бұл Сайтта тікелей көрсетілген жағдайларды қоспағанда, Компания тарапынан осы өнімдерді (қызметтерді, жұмысты) мақұлдау немесе ұсыну болып табылмайды.

 

 

 

 

6. Зияткерлік меншік құқығы туралы шарттар

 

 6.1. Компания Пайдаланушыға Сайт объектілерін осындай пайдаланудан табыс алмастан (тікелей немесе жанама коммерциялық пайда), тек төмендегі тәсілдермен және көрсетілген шарттармен өзінің тұтынуы үшін пайдалануға айрықша емес құқық береді:

6.1.1. Пайдалану аумағы – http://www.uof.kz желілік мекенжайы бойынша Интернет желісі;

6.1.2. Пайдалану мерзімі – Қағидалардың қолданыста болуының бүкіл мерзімі;

6.1.3. Пайдаланудың рұқсат етілген әдістері – кіру (көру) құқығы.

6.2. Қағидалармен тікелей рұқсат етілмеген тәсілмен, Компанияның жазбаша рұқсатынсыз Сайт объектілерін кез келген өзге пайдалануға тыйым салынады және заңсыз болып табылады. Оның ішінде Сайт объектілеріне қатысты Пайдаланушы өзіне келесідей міндеттемелерді қабылдайды:

6.2.1. қандай да бір тәсілмен, нысанда және шарттармен (сату, өзгерту, сыйға тарту, жалға беру (жалдау), уақытша пайдалануға беру, соның ішінде ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде өзге де операцияларды жүргізу) таратпау;

6.2.2. қандай да бір тәсілмен және шарттармен (жариялау, көпшілікке көрсету, көпшілік алдында орындау, жалпы жұрттың назарына хабарлау және (немесе) жеткізу және өзге де тәсілдер) жарияламау;

6.2.3. эфирге және (немесе) кабель арқылы хабарламау;

6.2.4. Сайттың жұмыс қабілеттілігі негізделетін бағдарламалық жасақтаманы қайта құрастырмау және бейімдемеу;

6.2.5. Сайттың және (немесе) Сайт объектілерінің жұмыс қабілеттілігі негізделетін бағдарламалық жасақтаманы түрлендірмеу (өңдемеу).

6.3. Сайттың барлық Объектілері Компанияның жазбаша келісімімен ғана кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі – БАҚ), интернет желісінің серверлерінде немесе кез келген өзге де тасығыштарда қайта жаңғыртылуы, қайта басылуы және ретрансляциялануы мүмкін. Компанияның Қағидалардың осы тармағында көрсетілген тәсілдермен Объектілерді пайдалануға жазбаша келісімі алынған жағдайда, Сайт объектілері бастапқы дереккөз ретінде және құжатта баяндалған мағынаны сақтай отырып, Сайтқа міндетті гиперсілтемемен пайдаланылады. Бұл шектеу барлық БАҚ-қа, оның ішінде интернет желісінің парақшаларына да қатысты бірдей қолданылады. Сайтқа белсенді гиперсілтеме құжат мәтінінің бірінші немесе екінші сөйлемінде көрсетілуі тиіс.

6.4. Кез келген ресурстарда, оның ішінде интернет-сайттарда бастапқы түрде де, Сайт пен Платформада орналастырылған құжаттардың фрагменттері түрінде де кез келген қайта басуға немесе ретрансляциялауға, қайта шығаруға, көшіруге және/немесе қандай да бір нысанда таратуға тыйым салынады. Осы айдарлардың құжаттарын қандай да бір нысанда пайдалану құқығын тек құжат авторларының жазбаша рұқсатымен ғана алуға болады.

6.5. Компания Қазақстан Республикасының заңнамасында зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдаланғаны үшін, оның ішінде олардың көшірмелерін немесе бөліктерін Интернет желісінде орналастыру арқылы азаматтық-құқықтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгеніне Пайдаланушылардың ерекше назарын аударады.

6.6. Компания Сайт пен Платформа объектілерін кез келген рұқсатсыз пайдаланған және/немесе осы Қағидалардың 6.3 және 6.4-тармақтары бұзылған жағдайда 50 000 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуді талап етуге құқылы.

 

 

 

7. Сайтта жұмыс істеуге арналған техникалық талаптар  

 

7.1. Пайдаланушының бағдарламалық-техникалық құралдарына қойылатын талаптар:

7.1.1. Пайдаланушы ашып қолдана алатын жарамды электрондық пошта мекенжайы. Бұл ретте Компания үшінші тұлғалар қабылданатын хабарламалар бойынша пошта серверлерінде орнатқан шектеулерге, оның ішінде компанияның хабарламаларын спам немесе күмәнді хаттар ретінде анықтайтын спам-сүзгілерге байланысты қызметтер көрсетудің мүмкін болмауына жауапты емес және кепілдік бермейді;

7.1.2. Пайдаланушы ұялы байланыс операторының өзі қолдана алатын және оны пайдалану үшін қажетті өкілеттіктері болатын ұялы телефонның жарамды нөмірі;

7.1.3. Сайттың салыстырмалы түрде үзіліссіз жұмыс істеуі Microsoft Internet Explorer 9.0 және одан жоғары, Opera 10.0 және одан жоғары, Mozilla Firefox 10.0 және одан жоғары, Google Chrome 10.0 және одан жоғары, Safari 5.0 және одан жоғары Интернет браузерлерінде мүмкін болады, бұл ретте интернет-браузер параметрлері Java script-пен жұмыс істеуі керек. Әйтпесе, контент дұрыс көрсетілмеуі мүмкін және (немесе) мәлімделген функциялардың орындалуы мүмкін болмайды;

7.1.4. құжатты .doc форматта өңдеуге мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдар (MS Word);

7.1.5. операциялық жүйенің талаптарына сәйкес келетін Пайдаланушының бағдарламалық-техникалық құралының (компьютердің, терминалдың, құрылғының) аппараттық талаптары.

7.2. Android және IOS операциялық жүйелеріне негізделген мобильді құрылғыларда контентті дұрыс көрсету келесі аппараттық және бағдарламалық талаптар толық сақталған кезде ғана жүзеге асырылады:

7.2.1. мобильді құрылғы дисплейі өлшемі:

7.2.1.1. Android үшін – 1024x768 және одан жоғары;

7.2.1.2. IOS үшін – 1136x640 және одан жоғары болуы керек;

7.2.2. операциялық жүйенің нұсқасы:

7.2.2.1. Android үшін – 2.3 нұсқасынан бастап және одан жоғары (Android операциялық жүйесінің бұрынғы нұсқаларында тестілеу жүргізілмеген);

7.2.2.2. IOS үшін – 6.0 және одан жоғары нұсқалардан бастап (IOS операциялық жүйесінің бұрынғы нұсқаларында тестілеу жүргізілмеген);

7.2.3. интернет браузер:

7.2.3.1. Google Chrome 39.0.2171.93 және одан жоғары нұсқалары (интернет браузердің бұрынғы нұсқаларында тестілеу жүргізілмеген);

7.2.3.2. Safari интернет браузер 5.0 және одан жоғары нұсқалары (интернет браузердің бұрынғы нұсқаларында тестілеу жүргізілмеген).

7.3. Байланыс арналарына қойылатын талаптар – интернетке қосылу жылдамдығы бір құрылғы үшін 512 Кбит/сек. Жылдамдығы төмен байланыс арналарын пайдаланған кезде Сайттың жұмыс тиімділігі айтарлықтай төмендеуі мүмкін.

 

Bureau for Continuing Professional Development Ltd. жеке компаниясы

БСН 190140900037

Тіркелген мекенжай: Z05T3C9, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел к-сі, 55/15

Нақты мекенжайы: Z05T3F6, Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел к-сі, 55/23, блок С.4.4.

ЖСК KZ879491100001444993 KZT

          KZ769491100001444997 USD

          KZ229491100001444999 EUR

«ALTYN BANK» АҚ (China CITIC Bank Corporation Ltd. ЕБ)

БСК ATYNKZKA

БСН  190140900037

КБЕ 17

Толық нұсқасымен танысу үшін жүктеу түймешігін басыңыз

ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІН ҚОРҒАУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

Осы Сайт Пайдаланушыларының дербес деректерін қорғау туралы келісім (Бұдан әрі — Келісім) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және Жарғы мен Жалғыз акционердің 2020 жылғы "27" қазандағы №48 шешімі негізінде әрекет ететін Бас атқарушы директор Эльмира Шәкірқызы Обридің атынан Bureau for Continuing Professional Development Ltd. жеке компаниясының (Бұдан әрі – Компания) Сайт Пайдаланушыларының дербес деректерін жинауы және өңдеуі бойынша қатынастарын реттейді.

1. Ұғымдар мен терминдер

Келісімнің мақсаттары үшін бас әріптермен жазылған және Келісімде көрсетілмеген сөздер мен сөз тіркестерінің Заңмен регламенттелген мағынасы және (немесе) анықтамасы болады.
1.1. Сайт – http://www.uof.kz интернет-ресурсы, яғни бірегей желілік мекенжайы және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылған ақпарат (мәтіндік, графикалық, аудиовизуалды немесе өзге түрде);
1.2. Пайдаланушы – Компанияға оның сұрауы бойынша өзінің дербес деректерін берген дербес деректер Субъектісі.
1.3. Тараптар – Компания мен Пайдаланушы бірлесіп Келісімнің Тараптары болып табылады.
1.4. Дербес деректер – Пайдаланушыға қатысты төмендегі мәліметтер, сондай-ақ электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген болашақта оларда болатын өзгерістер және (немесе) толықтырулар, оларға мыналар жатады және бұлармен шектелмейді:
1.4.1. Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
1.4.2. ЖСН;
1.4.3. туған күні;
1.4.4. жұмыс орны және лауазымы;
1.4.5. пошталық мекенжайы (тұрғылықты жерінің мекенжайы, тіркелген (жазылған) мекенжайы, үй, жұмыс, ұялы телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы(лары).
1.5. Дербес деректерді өңдеу  – Компанияның дербес деректерді жинау, жүйелеу, жинақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), пайдалану, тарату (оның ішінде тапсыру), иесіздендіру, бұғаттау, жою, мерзімсіз сақтау жөніндегі іс-әрекеттері.

2. Келісімнің мәні

2.1. Пайдаланушылар Дербес деректер операторы ретінде Компанияға өзінің Дербес деректерін ұсынады және осы Келісімде көрсетілген мақсаттар үшін Компанияның дербес деректерді электрондық түрде және/немесе қағаз жеткізгіштерде өңдеуіне өз еркімен жасалған толық және сөзсіз келісімін береді.
2.2. «Маркетплейс» немесе «Жазылым» бетіндегі «Тіркелу» немесе «Сатып алу» батырмасын басқан кезде көрсетілетін осы Келісіммен танысу күні Пайдаланушының дербес деректерін өңдеуге жазбаша келісім беру күні болып табылады. Осы тармақта көрсетілген келісімі мерзімсіз қолданылады және Пайдаланушы Компанияның мекенжайына тапсырыс арқылы пошта жөнелтілімімен жіберілген жазбаша хабарлама арқылы кері қайтарып алуы мүмкін. Пайдаланушының дербес деректерді өңдеуге келісімі Компания Пайдаланушыдан осындай жазбаша хабарламаны алған күннен бастап 10 күннен кейін кері қайтарып алынған болып есептеледі.
2.3. Компания Пайдаланушының Дербес деректерін келесі мақсаттар үшін өңдейді, мақсаттарға соның ішінде мыналар жатады, бірақ бұлармен шектелмейді:
2.3.1. Сайт көрсететін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған зерттеулер жүргізу үшін;
2.3.2. Сайтта көрсетілетін қызметтердің жаңа түрлерін қолдауға, жақсартуға және әзірлеуге мүмкіндік беретін маркетингтік бағдарламаларды, статистикалық зерттеулерді жүргізу, алынған деректерді тексеру, зерттеу және талдау үшін;
2.3.3. Сайтта көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде Пайдаланушыға жарнаманы (пошта жіберілімін, электрондық поштаны, телефон және (немесе) факсимильді байланысты, интернет желісін және т.б. қоса алғанда, бірақ олармен шектелмейтін әртүрлі байланыс құралдарының көмегімен Пайдаланушымен тікелей байланыстарды жүзеге асыру жолымен дербестендірілген (таргеттелген) жіберу арқылы ілгерілету үшін.
2.4. Компания:
2.4.1. Пайдаланушының Дербес деректерінің рұқсатсыз қолды болуының алдын алуды;
2.4.2. егер мұндай рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмау мүмкін болмаса, Пайдаланушының Дербес деректеріне рұқсатсыз қол жеткізу фактілерін уақтылы анықтауды;
2.4.3. Пайдаланушының Дербес деректеріне рұқсатсыз қол жеткізудің теріс салдарын барынша азайтуды қамтамасыз ететін Пайдаланушының Дербес деректерін қорғау бойынша қажетті шараларды қабылдауға міндеттенеді.
2.5. Компанияның Дербес деректерді қорғау жөніндегі міндеттері Пайдаланушының Дербес деректерін алған сәттен бастап туындайды және олар жойылған не иесіздендірілген сәтке дейін әрекет етеді.
2.6. Пайдаланушының Дербес деректерді өңдеуге осы бөлімде регламенттелген келісімін Пайдаланушы кез келген уақытта Компанияға осы келісімді кері қайтарып алу күніне дейін кемінде күнтізбелік 10 (он) күн бұрын тиісті өтінішті жазбаша нысанда жіберу арқылы кері қайтарып ала алады. Бұл ретте, Пайдаланушы Дербес деректерді жинауға, өңдеуге және трансшекаралық беруге (қажет болған жағдайда) берген келісімін, егер бұл кері қайтарып алу заңнамаға қайшы келетін болса не Пайдаланушының Компания алдында орындамаған міндеттемелері болған жағдайда кері қайтарып ала алмайды.

3. Басқа шарттар

3.1. Келісім 2.2-тармақта көзделген сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар өздеріне қабылдаған міндеттемелерін толық орындаған сәтке дейін қолданылады.
3.2. Егер қандай да бір себептер бойынша Келісімнің бір немесе бірнеше ережесі жарамсыз немесе заңды күші жоқ деп танылса, бұл қалған ережелердің жарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді.


Толық нұсқасымен танысу үшін жүктеу түймешігін басыңыз

Төлемдер. Банк картасымен онлайн төлеу

Біздің сайт интернет-эквайрингке қосылған және Сіз Қызмет үшін Visa немесе Mastercard банк картасымен төлем жасай аласыз. Таңдалған бағдарламаны растағаннан кейін CloudPayments процессингтік орталығының төлем жасау парақшасы бар қорғалған терезесі ашылады, Сізге ол жерге өзіңіздің банктік картаңыздың деректерін енгізу қажет. Карта ұстаушысын қосымша аутентификациялау үшін 3-D Secure хаттамасы қолданылады. Егер Сіздің эмитент-банкіңіз осы технологияны қолдаса, Сіз қосымша сәйкестендіруден өту үшін оның серверіне қайта бағытталасыз. Қосымша сәйкестендірудің қағидалары мен әдістері туралы ақпаратты Сізге банк картасын берген Банктен нақтылаңыз. 

Онлайн-төлем қызметі Visa және MasterCard халықаралық төлем жүйелерінің қағидаларына сәйкес төлемнің құпиялылығы мен қауіпсіздігі қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады, ол үшін жабық байланыс арналары арқылы деректерді тексерудің, шифрлаудың және берудің ең заманауи әдістері қолданылады. Банк картасының деректерін енгізу CloudPayments төлем бетіндегі қорғалған парақшада жүзеге асырылады.

Төлем жасау парақшасындағы жолдарға картаның нөмірін, карта иесінің атын, картаның жарамдылық мерзімін, үш таңбалы қауіпсіздік кодын (Visa үшін CVV2 немесе MasterCard үшін CVC2) енгізу қажет. Барлық қажетті деректер банк картасының бетінде көрсетілген.

CVV2 / CVC2 — бұл картаның артқы жағында орналасқан үш таңбалы қауіпсіздік коды.

Бұдан әрі сол парақшада 3-D Secure кодын енгізу үшін сіздің эмитент-банкіңіздің парақшасы ашылады. Егер Сізде статикалық 3-D Secure бапталмаған болса, ол Сіздің телефон нөміріңізге SMS арқылы жіберіледі. Егер 3-D Secure коды Сізге келмесе, онда Сіз эмитент-банкке хабарласуыңыз керек.

3-D Secure – бұл интернет желісіндегі карталар бойынша төлемдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең заманауи технологиясы. Операцияны жүзеге асыратын карта ұстаушының түпнұсқалығын бірегей сәйкестендіруге және карта бойынша алаяқтық операциялардың тәуекелін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Қауіпсіздік кепілдіктері
CloudPayments процессингтік орталығы PCI DSS 3.0 қауіпсіздік стандарты бойынша Сіздің банктік картаңыздың деректерін қорғайды және өңдейді. Төлем шлюзіне ақпарат беру SSL шифрлау технологиясын қолдану арқылы жүзеге асырылады. Ақпаратты одан әрі беру ең жоғары сенім деңгейі бар жабық банктік желілер арқылы жүзеге асырылады. CloudPayments Сіздің картаңыздың деректерін бізге және өзге үшінші тұлғаларға бермейді. Карта ұстаушысын қосымша аутентификациялау үшін 3-D Secure хаттамасы қолданылады.

Егер Сізде жасалған төлем бойынша сұрақтарыңыз болса, төлем сервисінің клиенттерін қолдау қызметіне support@cloudpayments.kz электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыз. 

Онлайн-төлем қауіпсіздігі

Сіз ұсынатын дербес ақпарат (аты-жөніңіз, мекенжайыңыз, телефон нөмірі, e-mail, несие картасының нөмірі) құпия болып табылады және жария етуге жатпайды. Сіздің несие картаңыздың деректері тек шифрланған түрде беріледі және біздің веб-серверде сақталмайды.

Интернет-төлемдерді өңдеу қауіпсіздігіне «CloudPayments Kazakhstan» ЖШС кепілдік береді. Төлем карталарымен жасалатын барлық операциялар VISA International, MasterCard және басқа төлем жүйелерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі. Ақпаратты беру кезінде карталық онлайн-төлемдер қауіпсіздігінің мамандандырылған технологиялары пайдаланылады, деректерді өңдеу процессингтік компанияның қауіпсіз жоғары технологиялық серверінде жүргізіледі.

Төлем карталарымен төлеу қауіпсіз, себебі:

Авторизациялау жүйесі сатып алушыға оның төлем картасының төлем деректемелері (нөмірі, қолданылу мерзімі, CVV2/CVC2) алаяқтардың қолына түспейтініне кепілдік береді, өйткені бұл деректер авторизациялау серверінде сақталмайды және ұрлануы мүмкін емес.
Сатып алушы өзінің төлем деректерін интернет-дүкеннің сайтында емес, тікелей CloudPayments авторизациялау жүйесіне енгізеді, сондықтан сатып алушының картасының төлем деректемелері үшінші тұлғаларға қолжетімді болмайды.

Толық нұсқасымен танысу үшін жүктеу түймешігін басыңыз